Главная > КУЛЬТУРА > Бакуда Абай күні аталып өтті
Бакуда Абай күні аталып өтті10-08-2024, 14:55. Разместил: Gulnara.Inanch |
![]() ![]() Іс-шара басында қатысушылар Абайдың құрметіне аталған көшеде орналасқан ескерткіш тақтаның алдына гүл шоқтарын қойды. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің кеңесшісі Еділ Мырзаханов қонақтарды Абай күнімен құттықтап, оның баға жетпес шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани байлығы ретінде болашақ ұрпақ үшін зор маңызға ие екенін атап өтті. Дипломат абайтанушыларға Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аударғандары және бүкіл түркі әрі әлем әдебиеті үшін құндылық болып табылатын оның мұрасына құрмет пен сүйіспеншілік танытқандары үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде, Әзербайжанның зиялы қауым өкілдері мен абайтанушылар Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды. Вернуться назад |